КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ
«Мед-Профи колледж» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Д.Таубаев көшесі, №55 ғимарат мекенжайында өз жұмысын 2018 жылғы 11 қазан күнгі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша білім беру саласын бақылау Департаментінің №KZ67LAA00012963 лицензиясы негізінде бастады.
Колледж оқу-тәрбие үрдісінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және бұйрықтарын, оқу-әдістемелік хаттарын, Атырау облысының Білім беру басқармасы бұйрықтарын және колледждің ішкі Актілерін басшылыққа алып, қызмет атқарып келеді.
Алғашқы 2018-2019 оқу жылында 0301000 - «Емдеу ісі» мамандығы, 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша негізгі білім негізінде 28, жалпы орта білім негізінде 38 білім алушы ішкі/күндізгі бөлімге оқуға қабылданды. Оқыту тілі – қазақ тілі.
Колледж білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүргізу үшін «Фельдшер» біліктілігінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу дәрісханаларымен, зертханамен және қажетті муляждармен, манекендермен заманауи симулятор құралдарымен толықтырылған симуляциялық кабинеттермен, 2 компьютерлік сынып және кітап қорымен қамтамасыз етілген кітапханамен жабдықталды. Колледж оқу үдерісіне ең заманауи инновациялық технологиялар (кредитті технология, симуляциялық оқыту, білімді баллдық-рейтингтік бағалау, қашықтықтан оқыту элементтерін пайдалану, т.б.) енгізіліп, тұрақты жүргізілуде.
Қазіргі таңда біздің колледж Атырау облысындағы жоғары білікті және құзыретті мамандарды дайындайтын медициналық оқу орны болып табылады. Бүгінгі күні колледжде 249 білім алушы оқып жатыр. Колледж білім алушылары сапалы білім алумен қатар ауданның, облыстың қоғамдық-әлеуметтік шараларына белсене қатысады.
2020-2021 оқу жылында алғашқы 44 түлек «Фельдшер» біліктілігіне ие болды. Колледж түлектері облыста және одан тыс жерлерде сұранысқа ие. Бітіруші түлектердің 84%-ы жұмыспен қамтылған.
Ауданның және облыстың медициналық ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік келісімшарттары жасақталып, колледж бен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы өзара қызығушылық пен түпкілікті нәтижеге негізделген қарым-қатынастар айқындалған. Бұл ретте әлеуметтік әріптестік денсаулық сақтау мекемелеріне білім беру үдерісінің белсенді және толыққанды қатысушысы болуына мүмкіндік береді және осы арқылы халыққа медициналық көмек көрсету сапасына оң ықпал етеді.
Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес келетін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және олардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды жоғары және бірінші санатты, тәжірибелі жалпы білім беретін пән оқытушылары мен арнайы пәндер бойынша ауданның білікті дәрігерлері жүзеге асыруда. Колледж оқытушылары жыл сайын өз кәсіби біліктіліктерін курстарға, семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отыр.