кәсіптік тәжірибе

Колледжде кәсіптік тәжірибе жұмысы.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығына сәйкес «Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу» ережесі, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 46-11 тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексіне және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен өзгерістер толықтырулармен), 2010жылғы және 2017жылғы МЖМБС негізінде жүзеге асырылады.
0301000 «Емдеу ісі» мамандығы, 0301013 «Фельдшер» біліктілігібойынша кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2010 жылғы №604 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламаларына» негізделіп әзірленеді.
Кәсіптік тәжірибе бағдарламасының мазмұны емдеу-алдын алу мекемелері базасында жұмыс берушілермен бірлесе отырып әзірленеді. Тәжірибенің бағдарламасы емдеу-алдын алу мекемелері басшысының келісімімен және колледж директорымен бекітіледі. Кәсіптік тәжірибенің мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады
Барлық кәсіптік тәжірибеге жіберілетін оқу топтарына директордың бұйрығы негізінде тәжірибе жетекшілері тағайындалады. Білім алушыларды кәсіптік тәжірибеге жіберу алдында колледждің тәжірибе бөлімінің меңгерушісі және тәжірибе жетекшісі нұсқаулық беру жұмысын өткізеді, онда білім алушылар кәсіптік тәжірибе нұсқаулығымен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстырылып, тәжірибе құжаттарының (тәжірибе бағдарламалары, күнделік, қорытынды есебі) даярлауына бағыт бағдар береді.
Кәсіптік тәжірибенің соңында қорытынды аттестация алынады, онда кәсіптік тәжірибе күнделігі, жазбаша есеп, студентке берілген мінездеме (жалпы және денсаулық сақтау мекемесіндегі тікелей жетекші қолы қойылған болуы тиіс) тексеріледі. Кәсіптік тәжірибеден өткен білім алушының күнделігі тәжірибе бағдарламаларының тақырыптарына сәйкес толтырылады.
Білім алушы кәсіптік тәжірибе есебінде өзінің білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, бағдарламаларға сай манипуляцияларды өзбетінше орындай алатынын, кәсіптік тәжірибе барысында өз қызметінің нәтижесіне талдау жасай алатынын: пациентке күтім жасау, диагностикалау, емдеу және түрлі пациент санатына шұғыл медициналық көмек көрсету, жүргізілетін емшаралардың тиімділігін бағалау, күрделі жағдайларда қарқынды терапияның және реанимацияның қазіргі әдістерін қолдана алатындығын көрсетеді. Студентті бағалауда ескеріледі:
-бағдарламаны орындау толықтығының дәрежесі;
-негізгі кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруі;
-манипуляцияларды орындау сапасы;
- тәжірибе күнделігіндегі жазбаның толықтығы;
- пациентпен жұмыс жасау қабілеті;
- аттестация кезіндегі жеке тапсырманы және манипуляцияларды орындау сапасы
-тәжірибенің қорытынды есебі, оның мазмұны мен безендіру сапасы;
Кәсіптік тәжірибе қорытындысын шығару 2 кезеңнен тұрады:
-1-шісі емдеу-алдын-алу мекемелерінің жалпы және тікелей басшыларының қатысуымен практика өткен емдеу мекемелерінде;
-2-шісі колледждің базасында тәжірибеге дейінгі кабинеттерде, тәжірибеден өтіп келген білім алушылардың игерілген білімдерін ауызша сұрақ-жауап алу арқылы, комиссия мүшелері қорытынды жасайды. Тәжірибе жетекшісі тәжірибе тапсырған білім алушының бағасын комиссия мүшелерімен ақылдаса келіп, тәжірибе ведомосына түсіреді. Бағалау жүйесі: 5 (өте жақсы), 4 (жақсы), 3 (қанағаттанарлық), 2 (қанағаттанарлықсыз).
Тәжірибе жетекшісі оқу топтары бойынша тәжірибе бөліміне әр семестр сайын тәжірибенің қорытынды есебін береді. Тәжірибе бөлімі педагогикалық кеңесте қорытынды есебін талқылайды.




Білім алушылары кәсіптік тәжірибені келісім-шартқа отырған медициналық мекемелерде өтеді. Сонымен қатар, мекемелерден келіп түскен сұраныс хаттар негізінде де білім алушылар өз тәжірибелерінен өте алады.
Колледж білім беру бағдарламарын жүзеге асыру мақсатында, оқу үрдісінде емдеу мекемелерінде колданылатын заманауи құрылғылар мен инструменттерді пайдалануға ұмтылуда.
Колледждің кәсіби тәжірибе өтетін әлеуметтік серіктестерінің тізімі:
1. Жылыой аудандық орталық ауруханасы
2. Жылыой аудандық орталық аурухананың емхана бөлімі
3. Атырау облыстық жедел жәрдем медициналық көмек станциясы
4. «Вестерн» клиникасы


Колледж студенттерін клиникалық базаларда мейірбандылықпен қарсы алады, барлық емдеу-диагностикалау манипуляцияларына қатысуға рұқсат берілген. Студенттеріміз емделушілерді күтуде елеулі көмек көрсетуде.
Практикалардың барлық түрі бойынша типтік және жұмыс бағдарламалары бар, олардың негізінде оқытушылармен жұмыс бағдарламалары жасалынған. Жұмыс бағдарламаларының мазмұндары оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне, ерекшеліктеріне сәйкесіп, өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған.
Колледж кабинеттері мен зертханалары замануи аппаратуралар мен және жабдықтармен жарақтандырылған, егде пациенттер, жас сәбилер күтімі бойынша, жүрек-өкпе реанимациясы бойынша, жүрек-өкпе аускультациясы бойынша медициналық тренажерлер, барлық манипуляциялар мен бағдарламаларды игеріп алуға мүмкіндік беретін әмбебап тренажерлер оқу жоспарларының мақсаттарына, міндеттеріне және ерекшеліктеріне сәйкесіп, өздігінен жұмыс жасауға қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және игеруге бағытталған.

ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ