КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл толуына байланысты «Поэзия,менімен егіз бе едің...» тақырыбында ұйымдастырылған мәнерлеп оқу байқауына қатысқан білім алушылар жүлделі орындармен марапатталды. Құрмет грамотасымен 3-курс білім алушысы Қалиев Дулат, жүлделі  1-орынмен 4-курс білім алушысы Есіркепова Алия дипломмен және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағымен марапатталды. Қатысушыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын!

Мұқағали Мақатаевтың 90жыл толуына орай ұйымдастырылған бейне тәлім-тәрбие сағаты

Пример текста...

Тәуелсіздік күні
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мед-Профи колледж» ЖШС-де «Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы» атты патриоттық өлеңдер челленджі ұйымдастырылды. Аталған челленджге барлық колледж білім алушылары белсене ат салысты. Барлық топтарда топ сағаттары,тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласына 80 жыл толуына орай Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім беру—келешек кепілі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шарада 1-курс студенті Елемесов Әділет біздің колледж таныстырылымын көрсетті. Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов «Алғыс хатымен» колледж директорлары Р. Ж Алибаева және М. С. Абдигалиева марапатталды. Сонымен қатар біздің колледж оқытушылары  А. А. Сабытаева  мен А. Б. Қосымбаева аудан әкімінің және маслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі «Мед-Профи колледж» ЖШС ұжымын мерекемен құттықтап,Алғыс хат берді. Ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласына 80 жыл толуына орай Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім беру—келешек кепілі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шарада 1-курс студенті Елемесов Әділет біздің колледж таныстырылымын көрсетті. Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов «Алғыс хатымен» колледж директорлары Р. Ж Алибаева және М. С. Абдигалиева марапатталды. Сонымен қатар біздің колледж оқытушылары  А. А. Сабытаева  мен А. Б. Қосымбаева аудан әкімінің және маслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі «Мед-Профи колледж» ЖШС ұжымын мерекемен құттықтап,Алғыс хат берді. Ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтаймыз. Білім беру жүйесіндегі еңбектеріңіз жемісті, жетістікті, жеңісті болсын! Шығармашылық шабыт пен өрелі өсу сіздерге серік болсын!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Мед-Профи колледжінің» оқытушысы Сабытаева Айжан Аязқызы мұғалімдер күніне орай аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Ұстазымызға шын жүректен толағай табыс, шығармашылық жетістіктер, тың жаңалықтар мен жеңісті сәттер тілейміз! Біз сізбен мақтанамыз!

Заң бұзбайтын тұлғаны қалыптастыру
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен 2 қазан күні  «Мед-Профи колледж» студенттеріне арналған заңды бұзбайтын тұлғаны қалыптастыру бағытында онлайн форматында  кездесу өткізілді. Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерканов М.А, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының заңгері Нагашыбаев С.Е, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Султангалиева С.А қатысып студенттер құқықтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өткізілген конференцияға 40 білім алушы қатысып,өздерінің сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.

Қарттарым-асыл қазынам!
1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай «Мед-Профи колледж» ұжымы зейнеткерлерге көмегін көрсетті.1-курс білім алушылары мен оқытушылар қарттарыңдың жүзіне сәл де болсын қуаныш сыйлады.Қанатбаева Рысты-70 жастағы ақжаулықты анамыз өзінің ризашылығын білдірді. Карасаева Нафиса әжеміз-84жаста. Бұрын «Буратино» аталатын балабақшада, аспазшы болған. Өзінің басынан өткен қызықтарын, әңгімелерін баяндап берді. Өзінің ақ батасын беріп, алғысын жаудырды. Қарттар-асыл қазына қадірлейік, құрметтейік!

Тіл мәртебесіне арналды...

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Құлсары қаласы, "Мед-Профи колледжі" ЖШС оқу орнында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай "Ана тілі - рухани қазына" тақырыбымен тілдер апталығы ұйымдастырылды. Апталық жоспарына сай әр топтарда онлайн іс-шаралар өткізілді. Ұлы ақын  Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз білім алушылар І,ІІ.ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғысхаттармен марапатталды.
Бұл апталықта біздің топ білім алушылары ерекше белсенділік танытты. Абай атамыздың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін мәнерлеп оқыған Аманжолова Ақерке ІІ дəрежелі дипломға ие болды. Сөз зергері, жазушы Ғабит Мүсірепов пен халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының ана тілі туралы айтқан пікірлері бойынша "Ана тілі туралы ұлылар сұхбаты» бейнежазбасын Бақытжан Алихан мен Биболұлы Наурыз дайындады. Отан, тіл, білім, оқу, адамгершілік туралы қазақ халқының мақал-мəтелдерін Мұстапаева Айгерім, Абилдиева Альмира мен Айтуганова Асылайым үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) оқып, онлайн тәртіпте көрсетті. Сонымен қатар топ білім алушылары «Әсерлі бейнежазба туралы ойым» тақырыбында жазба жұмысын да орындады. Өз тобымның осындай белсенділігі қатты қуантады.
А.Айтуганова, 1-курс студенті
 

Все о роли родного языка
 
В ТОО "Мед-Профи колледж" г.Кульсары, была проведена неделя языков, посвященная Дню языков народов Республики Казахстан на тему "Ана тілі - рухани қазына". В мероприятиях этой недели активное участие приняли студенты всех курсов и преподаватели колледжа.
Был проведен конкурс выразительного чтения по произведениям великого поэта Абая Кунанбаева. На этом конкурсе наша однокурсница А.Аманжолова была награждена Дипломом ІІ степени.
Студенты нашей группы А.Бакытжан и Н.Биболұлы подготовили видеоматериал "Ана тiлі туралы сұхбат», где прочитали крылатые слова о роли родного языка писателя Г.Мусрепова и легендарного героя Б.Момышұлы. «Ана тілім - айбыным!» - так назывался видеоматериал на трех языках (казахском, русском, английском), подготовленный А.Мустапаевой, А.Абилдиевой и А.Айтугановой. Они читали пословицы казахского народа о  Родине, и о важности знаний и роли родного языка.
Директор колледжа Р.Ж.Алибаева наградила благодарственными письмами студентов, которые приняли активное участие в работе недели языков. В дальнейшем мы будем активно участвовать во всех мероприятиях нашего колледжа.
А.Абилдиева, студент 1–курса 

Коронавирус туралы не білу қажет?
Жақында колледж оқытушысы Б.Е. Нұрбергенова жетекшілігімен 3-4-курс білім алушылары Ж.Заулекенова, Н.Жолдаскалиева сауаттандыру және сақтандыру мақсатымен білім алушылар мен педагогикалық ұжым мүшелеріне, жұртшылыққа арналған «Коронавирус туралы не білу қажет?» бейнежазбасын дайындады. Бейнежазбаға қалалық «Жедел жәрдем» орталығының фельдшері Б.Бақытжанқызының сұхбатымен басталып, індеттен сақтану туралы толық ақпаратпен жалғасты. Әр отбасы мүшелерінің амандығы үшін тазалық шараларының сақталуын қадағалау жауапкершілігі туралы айтылды. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылып, колледж білім алушылары, олардың ата-аналары чаттарына жіберілді.

Өнегелі тағылым алар шара

        «Мед-Профи колледж» ЖШС оқу орнының директор орынбасары Ж.Нәсірқызы мен оқытушы Б.Нұрбергенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына орай «Абай мұрасы – рухани асыл қазына» тақырыбында онлайн тәлім-тәрбие сағатын өткізді. Ұлы тұлғаға арналған бұл шара колледж директоры Р.Алибаева алғы сөзімен басталып, ақын шығармашылығы туралы жаңа танымдық мәліметтермен толықтырыла жүргізілді. Колледж білім алушысы Н.Жолдасқалиева Абай Құнанбайұлы өлеңін оқыды.
     Аталған тәлім-тәрбие сағатында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған өзекті мәселелерге назар аударылды. Мемлекет басшысы халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО көлемінде аталатын ақын мерейтойын ескерте келе, Абай әлеміне жан-жақты талдау жасап, жоғары оқу орындары бағдарламасына «Абайтану» курсын жүргізу ұсынысын енгізді. Бұл ұсыныс көп көңілінен шықты, өйткені Абай мұрасы халқымыздың асыл қазынасы екенін ескерсек, бүгінгі жас жеткіншектер, жастар әлемдік көштен қалмай, алдыңғы өркениетті ел қатарынан орын алуда ақын шығармаларынан рухани тағылым алары сөзсіз. Бұл шара бойынша дайындалған бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылды.
 

 

ОНЛАЙН ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ

Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн түрде қалай тапсырады? eGov порталына тіркеле отырып, жеке ЭЦҚ-мен кіріп  "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мәзірін тауып өтініш тастай аласыз.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Абдуллаева Лаура Манасовна студенттермен қашықтықтан оқыту бойынша байланыста.
Дистанциондық оқыту аясында сабақ өтіп, үй тапсырмаларын беруде.

Сақтану-өмір қауіпсіздігі!

«Мед-Профи колледж» ЖШС оқу орнының арнайы пән оқытушысы А.Б.Косымбаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Нұрбергенова білім алушыларға онлайн тәртіпте «Сақтану-өмір қауіпсіздігі» деп аталатын медициналық бюллетень дайындады. Бұл бейнежазбада әлемде орын алып жатқан індетпен күресуге вакцинаның тәжірбиеден өтіп жатқандығы толық баяндалды. Жаңа вакцина әлемдік қауымдастықта «Спутник» деп аталды, еріктілерге вакцинация жүргізілуде. Кері әсерін көрсетпеген вакцинаны қабылдауға еріктілер саны көбейді. Оның ішінде Қазақстанда дайындалған  «Спутник-1» вакцинасы бар.
Қай ауруға болмасын вакцина даярлау - күрделі әрі жауапкершілігі жоғары үрдіс. Даярланатын вакцина түбінде адамға егіледі, сондықтан оның әрбір қырына мұқият көңіл бөліп, қолданған жағдайда оның залалсыз болуын және ауруға қарсы мықты иммунитет тудыруын қамтамасыз ету керек. Әр адам өзін сақтандыру үшін вакцинаны салдырса, ол өз өмірін қауіпсіздендіретіні есте болуы керек. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылып, оқытушылар мен білім алушырға жіберілді.