«МЕД-ПРОФИ КОЛЛЕДЖІ»

Медициналық колледж бәсекеге қабілетті білікті мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттырады

Білікті кәсіби маман даярлаймыз

Болашаққа сенімді қадам

Мемлекеттік үлгідегі диплом

Оқу ақысына жеңілдіктер

Жеке нөмеріңізді қалдырыңыз!Біз сізге міндетті түрде хабарласамыз!
+7 басталуы қажет

Колледж жайлы

      ЖШС «Мед-Профи колледжі» Бағыты - медицина. Жобалық қуаты – 375.
      Колледж директоры - Алибаева Раушан Жапаровна.
      Колледж миссиясы - жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметке құзіретті, білікті мамандар даярлауға бағытталған заманауи сапалы білім беру.
     Колледж оқу жұмысының негізгі мақсаты – мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сәйкес келетін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау,алған білімдері мен дағдыларын қолдана білу кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруда білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру, негізгі дайындық бойынша орта деңгейлі мамандарға арналған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру.
     Колледж оқу жұмысының міндеттері: орта буын мамандарын даярлау бағдарламаларына және орта медициналық білімі бар мамандардың қажеттіліктеріне сәйкес оқу үрдісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын оңтайландыру, кәсіби білім беру қызметін жетілдіру; медициналық колледжде жүзеге асырылатын оқытудың мазмұнын, түрлерін, әдістері мен оқу ресурстарын жетілдіру, олардың біртұтастығын, кәсіби білім берудің барлық деңгейлерінде сабақтастығын қамтамасыз ету;оқу пәндерінің оқыту әдістерін жетілдіру және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану; оқытушылардың кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру, бастамашылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;оқу үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізу;студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру, теориялық және практикалық сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудажүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету; студенттердің жеке басының дамуы мен адамгершілік қасиеттерінің бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау, өзін-өзі басқару және ұлттық құндылықтарға бағытталған ортаны жетілдіру; қызметкерлер мен студенттер арасында, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;оқу бағдарламаларын жүзеге асыру және болашақ мамандарды кәсіби біліктілік талаптарына сай даярлау мақсатында колледж инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базаның жабдықталуын нығайту;білім беру ұйымдарымен, медициналық және әлеуметтік әріптестермен, (жұмыс берушілермен) тұрақты қарым-қатынаста болу, озат тәжірибелерді насихаттау;

375

271

27

1337

ЖОБАЛЫҚ
ҚУАТТЫЛЫҒЫ

БІЛІМ АЛУШЫЛАР
САНЫ

ОҚЫТУШЫЛАР
САНЫ

ОҚУ КОРПУСЫ
АУДАНЫ (м2) 

КОЛЛЕДЖ МАМАНДЫҒЫ

09120100 - “Емдеу ісі” мамандығы
4S09120101 - “ Фельдшер” біліктілігі

Сапалы білім

Жоғары бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметке құзіретті, білікті мамандар даярлауға бағытталған заманауи сапалы білім

Жеңілдіктер

Мүгедектер  мен  аз  қамтылған  отбасыларға
міндетті  түрде   жеңілдіктер қарастырылады

Грант

Колледжде құрылтайшылық  және  директорлық  грант  қарастырылған
 

Оқу мерзімі

Негізгі орта  білім негізінде - 
3 жыл 10 ай


Жалпы орта  білім негізінде -
2 жыл 10 ай

 

ДИРЕКТОР БЛОГЫ
«МЕД-ПРОФИ КОЛЛЕДЖІНІҢ»  директоры
Алибаева Раушан Жапаровна 

КОЛЛЕДЖ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ІІ дәрәжелі ДИПЛОМ

 "Атырау адалдық алаңы" жобасы аясында өткізілген облыстық "Саналы ерікті" студенттік клубтар слетының "STUDENT LIFE" сайысында жүлделі орынды иемденген "Сенім тобы" марапатталады

Атырау қаласы, 2021жыл

ІІ дәрәжелі ДИПЛОМ

Аудандық "Ұшақтар ой алаңы" студенттердің дебаттық турниріне белсенділікпен қатынасып
ІІ дәрежелі орын алған
"Абзал жандар" фракциясы марапатталады

Құлсары, 2021жыл

І дәрәжелі ДИПЛОМ

"Атырау адалдық алаңы" жобасы аясында өткізілген облыстық "Саналы ерікті" студенттік клубтар слетының "STUDENT LIFE" сайысында жүлделі орынды иемденген "Әділдік тобы" марапатталады

Атырау қаласы, 2021жыл

ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткізілген "Үздік арнайы пән оқытушысы" облыстық байқауының жүлдегері

Атырау қаласы, 2019жыл

ІІІ - орын ДИПЛОМ

"Ел ертеңі - білімді жастар" атты аудандық пікірталас сайысында ІІІ-дәрежелі дипломмен "Мед-Профи колледжі" марапатталады

Құлсары қаласы, 2019жыл

ДИПЛОМ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған "Құт береке, ырыс әкел, Әз Наурыз" атты мәдени шараға белсене қатысқаны үшін  
"Мед-Профи колледжі" марапатталады

Құлсары қаласы, 2019жыл

ІІІ дәрәжелі ДИПЛОМ

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген "Озық ойлы жастар" облыстық жобалар байқауында жүлделі орынды иленген
"Мед-Профи колледж" марапатталады

Атырау қаласы, 2019жыл

АЛҒЫС ХАТ

"Мед-Профи колледжінің" директоры
 Алибаева Раушан Жапаровнаға
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаева
алғыс білдіреді

Нұрсұлтан қаласы, 2019жыл

АЛҒЫС ХАТ

"Мед-Профи колледжінің" директоры

 Алибаева Раушан Жапаровнаға
"Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің" директоры М.У.Ибраев алғыс білдіреді

Атырау қаласы, 2019жыл

Инженерно-педагогикалық құрам:
Бірінші санатты
оқытушылар саны
Жалпы оқытушылар
саны
Жоғары білімді
оқытушылар саны
Магистрлер
саны
Жоғарғы санатты
оқытушылар саны
"Мед-Профи колледжінің" оқытушылар құрамы

26

3

1

3

26

КОЛЛЕДЖ ІС-ШАРАЛАРЫ

КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құлсары қаласы “Мед-Профи колледж” ЖШС 9 ақпан күні ауған соғысына 35 жыл толуына орай “Ауғанның асуында от кешкендер...” тақырыбында білім алушылар Ауданымыздың ардагерлері Тасболатов Нұрлан Бәйімбетұлымен Подполковник Қонаров Сисен Атыраубайұлы ардагерлерімізбен кездесті. Бұл шарада ардагерлеріміз өз оқиғаларымен бөлісіп, жүрегімізді тебірентті.
 Ер есімі, жауынгер ерлігі ел есінде! Ерліктеріңізге бас иеміз, зор денсаулық, ұзақ және қуанышты ғұмыр тілейміз.
“Мед-Профи колледж” ЖШС білім алушылары.

Құлсары қаласы "Мед-Профи колледж" ЖШС
ЖАҢА 2024 жыл құтты болсын!

Құлсары қаласы "Мед-Профи колледж" ЖШС
29 желтоқсан күні "Қош келдің, Жаңа жыл" тақырыбында мерекелік кеш өтілді.
Кеште Студенттік Парламент Президенті А.Русланова білім алушыларды құттықтап, сертификаттармен марапаттады.
Білім алушылардың оқуына және әр істеріне сәттілік тілейміз!
https://youtube.com/shorts/DIVDcFwuiL4

Құлсары қаласындағы "Мед-Профи колледж" ЖШС
Халқымыздың қол өнерінің озық үлгісі - ұлттық киімді насихаттау мақсатымен топ білім алушылары арасында 25-27 желтоқсан аралығында "Ең әдемі ұлттық киім" вайнер байқауы өткізілді. Байқауда үздіктер анықталып, оларға арнайы сыйлар табысталды. Байқау қорытындысымен білім алушылар номинациямен марапатталды.
"Қазақ аруы" киімін насихаттаушы  Алтыбасова Айнельге берілді. "Ибалы келін" киімін насихаттаушы Сағалова Гүлжанға берілді. "Заманауи ер азамат" киімін насихаттаушы Жакен Наурызбекке берілді.
Білім алушыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
https://youtube.com/shorts/y1bJXNgh3qg

Құлсары қаласы "Мед-Профи колледж" ЖШС
26қазан күні 2-3-4 курс білім алушылары "Сарайшық мемлекеттік тарихи мәдени мұражай қорығына" саяхат жасады. Онда білім алушылар "Жеті хан кешені" және "Байбақты ата" ескерткішімен танысты.

Республика күніне орай және өзіміздің Ұлттық дәстүрімізді, Ұлттық болмысымызды, Ұлттық брендті ұлықтау мақсатымен түсірілген челленджді @kolledzh.kgtk қабыл алып, Атырау Жоғары Медицина колледжіне және Жылыой аудандық Жастар Ресурстық Орталығына жолдаймыз.

Қазан айының 15-16-17-сі күндері Құлсары қаласының жаңа спорт кешенінде "ТеңгизШевройл" ЖШС қаржылық қолдауымен "Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту" жобасы аясында тәуелсіз өмір сүру дағдылары бойынша тәжірибелік семинарға "Мед-Профи колледж" оқу орнының 2-курс білім алушылары Ноғаев Ерболат, Ермекқалиұлы Ернар және 4-курс білім алушылары Таужаров Аманат, Тәжіғалиев Бексұлтан, Байназаров Әділбек қатысты

«Дене сергіту» челленджі 
Құлсары қаласындағы «Мед-Профи колледж» оқу орнында «Дене сергіту» челленджі «Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыппен өтті. Бұл шараға колледждің 1-3-курстың 157 білім алушысы, дене тәрбиесінің оқытушысы Г.Б.Абижанова, оқу бөлімі қызметкерлері М.М.Омарова, І.Маратқызы қатысты. Челлендж Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ колледжі білім алушыларына жолданды.

Колледж директоры Р.Ж.Алибаева Педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша “Келешекке көз жүгіртсек...” ашық пікір алаңын жүргізді. Келген қонақтарға дуальды оқыту, меморандум, академиялық дербестік туралы айтып өтті. 4-курс білім алушылары Жұмыс берушілерге өздерінің тараптарын сұрақтар қойды. “Еңбегіне лайықты құрмет!” – белсенді Жұмыс берушілер Н.А.Укибаевты, А.Ерболовты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, колледждің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Б.Е.Нұрбергенованың ұйымдастыруымен 2-курс білім алушыларына «Мамандығым – мақтанышым» т/тәрбиелік шарасы өтті. Шараға Жұмыс берушілер және колледж түлектері Р.Сакиева мен Ж.Заулекенова қатысты. Білім алушылар таңдаған мамандықтары туралы таныстырылым жасап, «Колледж қабырғасындағы 1 күн» тақырыбында бейнематериал дайындап, колледж түлектеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
 

Арнайы пән оқытушысы С.А.Сариева медицинаның өзекті мәселелері бойынша “Білім мен білікті қоса игеріп...” арнайы пән оқытушылары-тәлімгерлер тренингін өткізді.
Шара соңында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан келген қонағымыз Г.К.Балжигитова белсенді жұмыс берушілерді Алғыс хатпен марапаттады. “Көңілді көтерер – әсем саз...” тақырыбында шарамызды қорытындылап «Науқас» атты скетч қойылып, ән-күй тыңдап, кеш қонақтары өздерінің алғыс, тілектерін білдірді. 

 

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ
Ұлттық мереке – Республика күніне байланысты колледжімізде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға білім алушылар өз шығарған туындыларын ұсынды және туған ел, туған жер туралы рухты, патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Байқау барысында тағы да мереке туралы ақпараттар берілді.

Қарттарымызды қадірлейік!
1 қазан – Қарттар күніне байланысты ЕФ-20-9қ3-1, ЕФ-21-9қ2-1 және ЕФ-22-9қ1-1 тобының білім алушылары азын-аулақ көмек көрсетіп, көңілін көтеру мақсатында қарттармыздың үйіне барып қайтты.
Қарт адамдарға көмек көрсету – қайырымдылықтың ең танымал түрі емес, өйткені олар туралы көбінесе мереке кезінде ойлай бастайтынымыз ақиқат. Арнайы мерекелерде сыйлықтар таратып, одан соң тағы да қарттар туралы ұмытып та кетеміз. Бірақ басты мәселе материалдық қиыншылық кезінде әжелер мен аталарға сыйлықтар мен тәттілер үлестіру емес, оларға үнемі көңіл бөліп, жылы лебіз бен ашық көңілімізді білдіруіміз қажет.

ТАБИҒАТҚА ТАЗАЛЫҚ ТӘН
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен колледж білім алушылары бүгін колледж ауласына санитарлық тазарту жұмыстарын жасап, сенбілік шарасына белсене араласты.

Колледж тынысы
Құрметті, Талапкер сізді "Мед-Профи колледжі" 2022 – 2023 оқу жылына
09120100 - “Емдеу ісі”,   4S09120101 - “ Фельдшер” біліктілігі мамандығы бойынша оқуға шақырады
Қажетті құжаттар:
- Негізгі орта білім туралы куәлік немесе аттестат;
- Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік;
- Көлемі 3/4 фотосуреттер , 6 дана
- Медициналық анықтама (Ф86-У)
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
20.06.2022 - 27.08.2022 аралығы
Емтихан:
1. Психометриялық тест
2. Пән бойынша емтихан
9 сынып бітіргендерге: Қазақ тілі, Биология
11 сынып бітіргендерге: Қазақ тілі, Биология,                                                   Қазақстан тарихы

Оқу мерзімі: 9 сыныптар үшін - 3 жыл 10 ай
                        11 сыныптар үшін - 2 жыл 10 ай
Құрылтайшылық және директорлық грант қарастырылған.
Мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға нотариус растаған құжаттарды тапсырған жағдайда жеңілдіктер қарастырылған
Шаг 1 /
WHATSAPP -қа хабарласу
«Мед -Профи колледж» ЖШС Талапкерді қабылдау 2022
ТОО «Мед-Профи колледж» Прием абитуриентов 2022

КОЛЛЕДЖ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕР

"Мед-Профи колледжі" аз уақыт ішінде өзінің білім беру сапасының деңгейінің жоғары екенін, білікті оқытушылар мен білімді білімгерлермен қамтылғанын көрсетті. Аталған білім ордасынан тек қана білімді де, білікті мамандар шығатынына сенім білдіремін

"Мед-Профи колледжінде" 2018 жылдан бастап білім алып келемін. Колледждің беріп жатқан біліміне, тәрбиесіне толық қанды көңілім толады деп айта аламын. Болашақта жақсы маман болып, елімнің дамуына өз үлесімді қосамын деген сенімдемін!

Ертаева Жанат Акебаевна

"Білім" кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры

Қалиев Дулат

"Мед-Профи колледжінің" 2 курс білімгері

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Білім жүйесіндегі жаңа талап
      Қашықтықтан оқыту - бүгінгі күннің жаңа талаптарына айналды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі А. Аймағанбетов айтқандай, әлемді оның ішінде біздің елімізде де короновирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы орайда, қашықтықтан оқытудың әдістері, проблемалары, оларды шешудің жолдары қарастырылып, нәтижелері мен болашағы айқындала түсуде.
      Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы «Мед – Профи колледж» ЖШС мұғалімдері бұл бағытта ұтқыр шешім шығарып, жедел шаралар қолдана бастады. Қашықтықтан оқытуды оңтайландыру мәселесі бойынша біздің колледжіміз «EDUPAGE» платформасын таңдадық
    Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеріп, дұрыс бағалау мақсатында нақты жұмыс жүргізілуде. Онлайн сабақ мұғалімдердің де, білімгерлердің де жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Білімгерлер қашықтықтан білім алу барысында бекітілген сабақ кестесі бойынша оқуды жалғастырып жатыр, айырмашылығы – сабақтар онлайн түрде жүргізіледі. Біздің білім ошағымызда мұғалім мен оқушы арасында байланыс «EDUPAGE» платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл платформаға қосымша ретінде «WhatsApp» мессенджері, «email» почтасы және «ZOOM» бағдарламасы қолданылады.
КОЛЛЕДЖДЕГІ ОНЛАЙН ІС-ШАРАЛАР
        Оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып 16 наурыздан бастап, онлайн режимге көшуімізге байланысты сабақ ұзақтығы 15 минут болып бекітілді. Осы 15 минут барысында білімгерлер онлайн режимде жіберілген тапсырманы оқып, түсініп, тақырыпты талдайды кері байланыс жасайды. Мұндай форматта білім алу мен білім беру оқытушының да білім алушының да жауапкершілігін күшейтеді.Сонымен қатар онлай фарматында білім берумен қатар коледжімізде тәрбие жұмысы да өз дәрежесінде тәрбиелік шараларын өткізіп отырды. Атап айтатын болсақ, табиғатты қорғау және аялау мақсатында «Ғаламшарымызды қорғайық» тақырыбында таныстырылым дайындау және «Қаланы өзгертетін идеялар» эссе жазу сайысы, білімгерлердің бос уақытын тиімді пайдалану және «BIRGEMIZ» Жалпыұлттық волонтерлік жобаны іске асыру мақсатында «Мен тәлімгермін» атты волонтерлік бейнеролик түсіру сайысы ұйымдастырылды және білімгерлер сайыста белсенділік танытты. 9-шы мамыр Жеңістің 75 жылдық мерей тойына орай колледж білімгерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, онлайн түрде арнайы құттықтаулар жолдады. Сонымен қатар колледж білімгерлеріне Абай шығармалары арқылы жас буынның рухани болмысын бекітіп, білімгерлерді әдептілікке, парасаттылыққа, сенімділікке баулу мақсатында «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағаты онлайн режимде өткізілді.Өткізілген шаралардың барлығы колледждің әлеуметтік желідег парақшаларына салынып отырады
Қашықтықтан оқыту тиімділігі
       Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем бүгінгі таңда «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сол себепті де Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
        Қазіргі заманауи технологиялар білім деңгейінің кеңейтілуі мен оның сапасының жетілуінталап етіп отыр. Оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы - білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігінеие. Қашықтықтан оқыту дегеніміз — оқытушы мен білім алушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Ол әркімнің білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірісаналады және кез келген адам негізгі қызметін атқара жүріп өз білімін, кәсіби біліктілігін арттыра алады.
Қашықтықтан оқыту тиімділігі
       Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем бүгінгі таңда «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сол себепті де Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
        Қазіргі заманауи технологиялар білім деңгейінің кеңейтілуі мен оның сапасының жетілуінталап етіп отыр. Оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы - білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігінеие. Қашықтықтан оқыту дегеніміз — оқытушы мен білім алушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Ол әркімнің білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірісаналады және кез келген адам негізгі қызметін атқара жүріп өз білімін, кәсіби біліктілігін арттыра алады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы
        Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «Мед-Профи колледж» ЖШС – жаңадан ашылған оқу орны. Дейтұрғанмен, колледжде білім алушылардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Оқу орнында білімді де білікті педагогтер, мамандар дәріс береді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты білім беру жүйесінің барлық құрылымдары сияқты колледж ұжымы да қашықтықтан білім беру жүйесіне көшті. Бұл жүйеге көшу төтенше жағдайда оқытудың ең тиімді жолы екенін көрсетті. Ол - үздіксіз, жүйелі білім алу мүмкіндігі.
       Бұл технология бұрыннан таныс болғанмен, тәжірибеде қолданылуы тұрақты болмағандықтан, педагогтер үшін жаңа үрдіс, тың тәсіл болды. Қашықтықтан оқыту ерекшеліктеріне орай оқу үрдісінде қиындықтар да кездесті. Өйткені оқытушы қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін жүзеге асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны жақсы меңгеруі тиіс. Ол оқытушыдан мыналарды талап етеді:
         - компьютермен жоғары дәрежеде жұмыс істей білу дағдысының икемдігі;
         - оқу мақсаттары мен міндеттеріне сай ақпараттық құралдар мен ресурстарды тиімді пайдаланаалуы;
         - білім алушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын басқару әдістемесін меңгеруі;
         - білім алушы біліміндегі жетістік пен кемшілікті тиімді кері байланыс арқылы реттеу тәжірибесі;
         - әділ бағалауды жүргізу алу қабілеті.

Қабылдау комиссиясы

Индекс:  060100  Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Д. Таубаев к-сі, 55

Біз әлеуметтік желідеміз:

#medpk.kulsari

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
20.06.2021 - 27.08.2021 аралығы

Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00 (Дүйсенбі - Сенбі)

 

БАЙЛАНЫС

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН

Жазыңыздар, қоңырау шалыңыздар!

Телефон нөмерлеріміз:

Электрондық поштамыз:

medpk.kulsari@mail.ru

Бізбен әлеуметтік желілер арқылы байлынса аласыз: