КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 2023

«Дене сергіту» челленджі 
Құлсары қаласындағы «Мед-Профи колледж» оқу орнында «Дене сергіту» челленджі «Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыппен өтті. Бұл шараға колледждің 1-3-курстың 157 білім алушысы, дене тәрбиесінің оқытушысы Г.Б.Абижанова, оқу бөлімі қызметкерлері М.М.Омарова, І.Маратқызы қатысты. Челлендж Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ колледжі білім алушыларына жолданды.

Колледж директоры Р.Ж.Алибаева Педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша “Келешекке көз жүгіртсек...” ашық пікір алаңын жүргізді. Келген қонақтарға дуальды оқыту, меморандум, академиялық дербестік туралы айтып өтті. 4-курс білім алушылары Жұмыс берушілерге өздерінің тараптарын сұрақтар қойды. “Еңбегіне лайықты құрмет!” – белсенді Жұмыс берушілер Н.А.Укибаевты, А.Ерболовты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, колледждің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Б.Е.Нұрбергенованың ұйымдастыруымен 2-курс білім алушыларына «Мамандығым – мақтанышым» т/тәрбиелік шарасы өтті. Шараға Жұмыс берушілер және колледж түлектері Р.Сакиева мен Ж.Заулекенова қатысты. Білім алушылар таңдаған мамандықтары туралы таныстырылым жасап, «Колледж қабырғасындағы 1 күн» тақырыбында бейнематериал дайындап, колледж түлектеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
 

Арнайы пән оқытушысы С.А.Сариева медицинаның өзекті мәселелері бойынша “Білім мен білікті қоса игеріп...” арнайы пән оқытушылары-тәлімгерлер тренингін өткізді.
Шара соңында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан келген қонағымыз Г.К.Балжигитова белсенді жұмыс берушілерді Алғыс хатпен марапаттады. “Көңілді көтерер – әсем саз...” тақырыбында шарамызды қорытындылап «Науқас» атты скетч қойылып, ән-күй тыңдап, кеш қонақтары өздерінің алғыс, тілектерін білдірді. 

 

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ
Ұлттық мереке – Республика күніне байланысты колледжімізде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға білім алушылар өз шығарған туындыларын ұсынды және туған ел, туған жер туралы рухты, патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Байқау барысында тағы да мереке туралы ақпараттар берілді.

Қарттарымызды қадірлейік!
1 қазан – Қарттар күніне байланысты ЕФ-20-9қ3-1, ЕФ-21-9қ2-1 және ЕФ-22-9қ1-1 тобының білім алушылары азын-аулақ көмек көрсетіп, көңілін көтеру мақсатында қарттармыздың үйіне барып қайтты.
Қарт адамдарға көмек көрсету – қайырымдылықтың ең танымал түрі емес, өйткені олар туралы көбінесе мереке кезінде ойлай бастайтынымыз ақиқат. Арнайы мерекелерде сыйлықтар таратып, одан соң тағы да қарттар туралы ұмытып та кетеміз. Бірақ басты мәселе материалдық қиыншылық кезінде әжелер мен аталарға сыйлықтар мен тәттілер үлестіру емес, оларға үнемі көңіл бөліп, жылы лебіз бен ашық көңілімізді білдіруіміз қажет.

Рухани құндылықты жаңғырту

Аудандық Ішкі саясат бөлімінің және «Жәрдем Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесуге «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Д.Балықшиев қатысып, Атырау облысы Дін істері басқармасының 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу  бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттердің діни ұстанымдарын насихаттау және мекеме ережелерін бұзу, діни жоралғыларды колледж ғимаратында өткізу тыйым салынатыны туралы «Рухани құндылықтарды жаңғырту-радикалды идеологияның алдын-алу құралы» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚТбК-нің 453 және 490 баптарында көрсетілген жауапкершіліктер бойынша тоқталып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.

 

МАМАНДЫҒЫМ ДӘРІГЕР

Соңғы кезде медициналық оқу орнына түсушілер саны жылға артуда. Болашақта өз ісінің үлкен маманы болу үшін, студенттерге ынта беру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Мамандығым дәрігер» тақырыбында видеобайқау өтті. Байқауға 2-курс білім алушылары Русланова Ақалтын мен Сариева Құралай және 4-курс білім алушысы Нұржанов Бекмарғұлан қатысып, жүлделі І, ІІ және ІІІ орынды иеленді. 

ТАБИҒАТҚА ТАЗАЛЫҚ ТӘН
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен колледж білім алушылары бүгін колледж ауласына санитарлық тазарту жұмыстарын жасап, сенбілік шарасына белсене араласты.

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
  Білім күні - 1 қыркүйек күні 1-курс білім алушылары үшін «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Р.Ж.Алибаева білім алушыларға құттықтау сөзін арнап, оқу орнының өзіндік ерекшеліктерімен таныстырып өтті. 4–курс білім алушысы Бауыржан Ақбота биылғы білім алушыларға ізгі тілектерін арнады. Жиында колледж Әнұраны орындалып, әсем әндер қуаныш сыйлады. Мерекеге ата-аналар да қатысты. Директор Р.Ж.Алибаева оқу орны қоғамдық жұмысына белсене қатысқан білім алушыларды Алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күн жаңадан келген білім алушыларға зор үміт артып, сенім білдіргендей.

7 қыркүйек күні колледжімізде Аудандық Ішкі саясат бөлімінің және “Жәрдем Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесуге “Шапағат” қоғамдық қорының теолог маманы Думан Балықшиев қатысып, радикалды идеологияның алдын алу, жат ағымның жолына кетпеуді алдын алу тақырыптарына әңгіме өрбітті. Білім алушыларға тақырыпты ашып түсіндіріп, білім алушылар тарапынан туындаған сұрақтарына жауап берді.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі.
Колледжімізде мереке қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында ашық шара өтті. Аталған шарада студенттер Наурыз туралы ақпараттармен бөлісіп, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрінен көрініс қойып, ұлттық ойындар ойнады.

Жалғыз қалған қарияларға көмектесейік!
Алғыс айту күніне байланысты колледж білім алушылары азын-аулақ көмек көрсетіп, тұрғындардың көңілін көтеру мақсатында тәтті таратты. Қарт адамдарға көмек көрсету - қайырымдылықтың ең танымал түрі емес, өйткені олар туралы көбінесе 9 мамыр мен қарттар күні және жаңа жыл қарсаңында ойлай бастайтынымыз ақиқат. Адамдар арнайы мерекелерде сыйлықтар таратып, одан соң тағы да қарттар туралы ұмытып кетеді. Бірақ басты мәселе материалдық қиыншылық кезінде әжелер мен аталарға сыйлықтар мен заттар үлестіру емес, оларға үнемі көңіл бөліп қатысып тұру екендігін ұмытып жатамыз. Әсіресе, жалғыз басты қалған қарт адамдарға материалдық көмектен көрі жылы лебіз бен ашық көңіл өте қажет.

Студенттік Парламент мүшелері 1 наурыз-Алғыс айту күніне “Парыз екен бәріне алғыс айту” тақырыбында құттықтау жолдады.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

7 қыркүйек күні колледжімізде Аудандық Ішкі саясат бөлімінің және “Жәрдем Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесуге “Шапағат” қоғамдық қорының теолог маманы Думан Балықшиев қатысып, радикалды идеологияның алдын алу, жат ағымның жолына кетпеуді алдын алу тақырыптарына әңгіме өрбітті. Білім алушыларға тақырыпты ашып түсіндіріп, білім алушылар тарапынан туындаған сұрақтарына жауап берді.

«WORlDSKILLS ATYRAU – 2022» ЧЕМПИОНАТЫ
Атырау жоғары медициналық колледжінде осы жылдың 16-18 мамыр аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Atyrau – 2022» чемпионаты өтті. Чемпионатқа біздің колледждің 3-курс білім алушысы Бауыржан Ақбота мен 4-курс білім алушысы Исанаева Үзіл қатысты.
17 мамыр күні «Дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті медициналық ұйым жағдайында оқыту», «Дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті оқыту», «Дәлелді медициналық көмек көрсету, медициналық ұйымда пациенттерді оқыту» модульдері бойынша сайысқа түсті. Бұл чемпионатқа Атырау облыстық балалар ауруханасы мен облыстық №2 аурухана мейірбикелері сарапшылық етті.

18 мамыр күні «Worldskills Atyrau-2022» чемпионатында білім алушылар «Дәлелді медициналық көмек көрсету, медициналық ұйымда пациенттерді оқыту» құзыреттілігі бойынша «Дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті үйде оқыту» модульдері бойынша сайысқа түсті. Сайыс аяқталған соң білім алушыларға Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы дайындаған сыйлықтар берілді.
 

“Саналы ұрпақ” еріктілер клубының мүшелерінің дайындаған бейнематериалы.
Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тұғыры биік Тәуелсіздік” тақырыбымен өткізіліп жатырған онкүндік жоспарына сәйкес “Мен елімді сүйемін” тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Аталған шараға барлық топ білім алушылары қатысты. Мәнерлеп оқу байқауында 2-курс білім алушысы Набиева Айзада 1-орынмен, 2-орынмен Тәжіғалиева Айдана мен Асылбекова Алия,Амангужиева Гулжаухар марапатталса, 3-орынмен Жұбанова Жадыра, Жұмабекова Айгерім, Нигметова Ақбота марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!

Жалғыз қалған қарияларға көмектесейік!
Алғыс айту күніне байланысты колледж білім алушылары азын-аулақ көмек көрсетіп, тұрғындардың көңілін көтеру мақсатында тәтті таратты. Қарт адамдарға көмек көрсету - қайырымдылықтың ең танымал түрі емес, өйткені олар туралы көбінесе 9 мамыр мен қарттар күні және жаңа жыл қарсаңында ойлай бастайтынымыз ақиқат. Адамдар арнайы мерекелерде сыйлықтар таратып, одан соң тағы да қарттар туралы ұмытып кетеді. Бірақ басты мәселе материалдық қиыншылық кезінде әжелер мен аталарға сыйлықтар мен заттар үлестіру емес, оларға үнемі көңіл бөліп қатысып тұру екендігін ұмытып жатамыз. Әсіресе, жалғыз басты қалған қарт адамдарға материалдық көмектен көрі жылы лебіз бен ашық көңіл өте қажет.

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Мед-Профи колледж» ЖШС Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен тыл ардагерлерімен кездесті. Біз Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен боздақтардың қанды шайқастағы ерліктерін, елін сағына жазған майдангерлер хаттарын көркем шығармалардан оқып, соғыс туралы кинофильмдерден, деректі фильмдерден көріп өстік. Кейінгі ұрпақтың жарқын болашақ өмірі үшін майдан даласында жанын қиған, тылда тынымсыз еңбекпен Ұлы Жеңісті жақындатқан әрбір аға ұрпақ өкілдерін ұмыта алмаймыз, ұмытпаймыз да! Олардың есімдері қанша жылдар, ғасыр өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымызды, тылда аянбай еңбек еткен аталарымыз мен әжелерімізді, бала болса да жеңістің әр күніне өз үлесін қосқан бүгінгі аға буын өкілдерін құрметпен еске аламыз, рухына бас ие тағзым етеміз! Солардың бірі - Ұлы Отан соғысы кезінде бала болса да еңбекке ерте араласып, қиындыққа мойымай, жеңістің әр күнін жақындатуды арман еткен, бүгінгі тыл ардагері Молдағалиұлы Қоғабай.
Колледж білім алушылары Жылыой ауданының құрметті азаматы, "Халық ағарту ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, зейнеткер Молдағалиев Қоғабаймен кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагер ата сол жылдардағы қанды қырғынның қасіретін өз көзімен көріп-өскенін баяндады. Білім алушылар ардагердің әсерлі естелік әңгімесін тыңдап, зейнеткер ұстазға өздерін ризашылықтарын білдірді. Олар Ұлы Жеңістің қадір-қасиетін сезінгендей сезімде болғандарын жеткізді.

 

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі. Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі.
Колледжімізде мереке қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында ашық шара өтті. Аталған шарада студенттер Наурыз туралы ақпараттармен бөлісіп, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрінен көрініс қойып, ұлттық ойындар ойнады.

Амалдан амалға аман жетейік!
14-наурыз Жаңа жылдың басы болып саналады. Еліміздің батыс аймақтарында “Көрісу” салты басталады. Кей жерлерде “Амал” деп те атайды. Әр үй жеті шелпігін пісіріп,дастарханын жайып қояды. Сол секілді біз де мерекеге байланысты дастархан жайып, Көрісу салтын ұйымдастырды.

Колледжімізде “Жылыой аудандық орталық аурухананың” ұйымдастыруымен “Туберкулезбен күресуге инвестиция салыңыз. Өміріңізді сақтаңыз!” тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “Заман талабы - болашақ мамандардың мотивациясы” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға колледжіміздің биология пәнінің оқытушысы Айжан Аязовна жетекшілік етіп, 2-курс білім алушысы Асқарова Әсемгул “Бөлмеде өсірілген алқа тұқымдас өсімдігінің биологиялық маңыздылығын анықтау”тақырыбында дайындаған жобасын ұсынып, сертификатқа ие болды. 👏🏻 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Студенттік Парламент мүшелері 1 наурыз-Алғыс айту күніне “Парыз екен бәріне алғыс айту” тақырыбында құттықтау жолдады.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

ЕФ-20-11қ3-1 тобына «Желідегі қауіптер мен қорғаныс туралы біл!» тәрбие сағаты пікірталас түрінде өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білім алушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау.
Пікірталасқа білім алушылар “GOOGLE” тобы жақтаушы және “YАNDEX” тобы даттаушы болып бөлініп, өз ойларын ортаға салды.

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Үздік жыл психологы” байқауы өткізілді. Байқауға колледж психологі Досанова Қаным Сырымқызы қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онкүндік жоспарына сәйкес “Туған өлкем - Атырау, Жылыой, ән-жырмен мәңгілік көркейе бер!” тақырыбында ақындармен, сазгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары  Жылыой ауданының құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Қонаш Қалдыоразұлы, Лұқпан Сисекенұлы мен сазгер Қуаныш Бекенов “Кең Жылыойым” өлеңінің авторы және ардагер ұстаз, әнші Балзия Мусиева, жас ақын “Мед-Профи колледжінің” Әнұранының сөзін жазған Нұрлыбек Амандықов болды. Аталған шарада колледж директоры Алибаева Р.Ж Алғы сөз сөйлеп, қонақтар өздерінің өмір-шығармашылығымен бөлісті. Әр келген қонақ жеке-жеке өздерін таныстырып, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Және Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Едігеев колледжіміздің белсенді студенттеріне мерекеге орай Алғыс хат табыстады. Колледж білім алушылары келген қонақтардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ерекше есте қалар үлгі болар шара өтті. Қонақтарымызға колледж атынан дайындаған сый-сияпаттарымызды табыстады.

6 желтоқсан күні колледж психологы Досанова Қаным колледждің ер балаларымен “Темекі шегуді тастау үшін тамаша күн!” тақырыбында әңгіме жүргізді. Темекінің зияны жөнінде ақпараттар берілді. Білім алушылар әртүрлі сұрақтар қойып, кері байланыс алды.

КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “Заман талабы - болашақ мамандардың мотивациясы” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға колледжіміздің биология пәнінің оқытушысы Айжан Аязовна жетекшілік етіп, 2-курс білім алушысы Асқарова Әсемгул “Бөлмеде өсірілген алқа тұқымдас өсімдігінің биологиялық маңыздылығын анықтау”тақырыбында дайындаған жобасын ұсынып, сертификатқа ие болды. 👏🏻 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Жалғыз қалған қарияларға көмектесейік!
Алғыс айту күніне байланысты колледж білім алушылары азын-аулақ көмек көрсетіп, тұрғындардың көңілін көтеру мақсатында тәтті таратты. Қарт адамдарға көмек көрсету - қайырымдылықтың ең танымал түрі емес, өйткені олар туралы көбінесе 9 мамыр мен қарттар күні және жаңа жыл қарсаңында ойлай бастайтынымыз ақиқат. Адамдар арнайы мерекелерде сыйлықтар таратып, одан соң тағы да қарттар туралы ұмытып кетеді. Бірақ басты мәселе материалдық қиыншылық кезінде әжелер мен аталарға сыйлықтар мен заттар үлестіру емес, оларға үнемі көңіл бөліп қатысып тұру екендігін ұмытып жатамыз. Әсіресе, жалғыз басты қалған қарт адамдарға материалдық көмектен көрі жылы лебіз бен ашық көңіл өте қажет.

Студенттік Парламент мүшелері 1 наурыз-Алғыс айту күніне “Парыз екен бәріне алғыс айту” тақырыбында құттықтау жолдады.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

ЕФ-20-11қ3-1 тобына «Желідегі қауіптер мен қорғаныс туралы біл!» тәрбие сағаты пікірталас түрінде өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білім алушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау.
Пікірталасқа білім алушылар “GOOGLE” тобы жақтаушы және “YАNDEX” тобы даттаушы болып бөлініп, өз ойларын ортаға салды.

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Үздік жыл психологы” байқауы өткізілді. Байқауға колледж психологі Досанова Қаным Сырымқызы қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онкүндік жоспарына сәйкес “Туған өлкем - Атырау, Жылыой, ән-жырмен мәңгілік көркейе бер!” тақырыбында ақындармен, сазгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары  Жылыой ауданының құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Қонаш Қалдыоразұлы, Лұқпан Сисекенұлы мен сазгер Қуаныш Бекенов “Кең Жылыойым” өлеңінің авторы және ардагер ұстаз, әнші Балзия Мусиева, жас ақын “Мед-Профи колледжінің” Әнұранының сөзін жазған Нұрлыбек Амандықов болды. Аталған шарада колледж директоры Алибаева Р.Ж Алғы сөз сөйлеп, қонақтар өздерінің өмір-шығармашылығымен бөлісті. Әр келген қонақ жеке-жеке өздерін таныстырып, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Және Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Едігеев колледжіміздің белсенді студенттеріне мерекеге орай Алғыс хат табыстады. Колледж білім алушылары келген қонақтардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ерекше есте қалар үлгі болар шара өтті. Қонақтарымызға колледж атынан дайындаған сый-сияпаттарымызды табыстады.

“Мед-Профи колледж” ЖШС Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты 1-курс білім алушыларына Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мушесі Қами Айтқалиева онлайн Zoom платформамен кездесу өткізілді. Кездесуде суретші өзінің өмірімен таныстырып, студенттер өз тарапынан сұрақ қойып, жауап алды. Қами Айтқалиевке алғыс білдіріп колледж директоры Раушан Жапаровна Алғыс хат ұсынып, сыйлықтарын табыстады. Кездесу ерекше көңіл-күйде аяқталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тұғыры биік Тәуелсіздік” тақырыбымен өткізіліп жатырған онкүндік жоспарына сәйкес “Мен елімді сүйемін” тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Аталған шараға барлық топ білім алушылары қатысты. Мәнерлеп оқу байқауында 2-курс білім алушысы Набиева Айзада 1-орынмен, 2-орынмен Тәжіғалиева Айдана мен Асылбекова Алия,Амангужиева Гулжаухар марапатталса, 3-орынмен Жұбанова Жадыра, Жұмабекова Айгерім, Нигметова Ақбота марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!

6 желтоқсан күні колледж психологы Досанова Қаным колледждің ер балаларымен “Темекі шегуді тастау үшін тамаша күн!” тақырыбында әңгіме жүргізді. Темекінің зияны жөнінде ақпараттар берілді. Білім алушылар әртүрлі сұрақтар қойып, кері байланыс алды.

Колледж оқытушыларының өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Білім алушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Білім алушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Білім алушылардың колледжге деген құрмет сезімін ояту. Сайлау парақшалары таратылды, Студенттер Парламентінің Президентіне үміткерлер:
1. Кенжебаева Бақтыгүл
2. Сариман Перизат
Үміткерлерді сайлау колледждің симуляция кабинетіне сайлау бөлмесі деп жазып қойдық сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері дауыс беруге келген білім алушыларға сайлау парақшасын бір – біреуден беріп, кезекпен білім алушыларды сайлау бөлмесіне кіргізіп отырдық. Білім алушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әрбір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссиясы үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Бірінші үміткер Кенжебаева Бақтыгул 38% дауыс жинады.
Екінші үміткер Сариман Перизат 62 % дауыс жинады
  Студенттер Парламентінің Президенті Сариман Перизат болып сайланды, ал Кенжебаева Бақтыгул вице-президент болып сайланды.

Атырау облысы Жылыой ауданы Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Дін істер басқармасының шақыртуымен Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы Каир университетінің ұстазы, профессор, Абай атамыздың өлеңдерін араб тіліне аударған Төлебай Рабиға ханыммен кездесу ұйымдастырылған болатын. Аталған шараға Айшуақова Гүлнафис Аязберікқызы – Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Бейбіт Көшқалиев – ҚР-ның эстрада жұлдызы, “Шапағат подкаст” жобасының жүргізушісі.
Қағазғалиев Жасұлан – «Жылыой мұсылмандар» мешітінің бас имамы қатысқан болатын. Қыздарға әртүрлі кеңестер айтып, әңгіме жүргізді. Шара барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу әсерлі өтті

“Атырау-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің қолдауымен Атырау Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде техникалық және кәсіптік оқу орындарының “Саналы ұрпақ” ерікті студенттік клубтарының облыстық слеті өткізілді. Слетқа 3-курс білім алушылары Айтуар Аманай,Мақсотқызы Айшагүл,2-курс білім алушысы Сариман Перизат қатысып, жүлделі I және II орындарды иеленді.

ЕФ-21-9қ1-1 тобына “Желідегі қауіптер” тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Қозғалған мәселелер: -діни бағыттағы ақпараттарды дұрыс/бұрыстығына көз жеткізу; -жасөспірімдер арасында суицидке апаратын ойындардың алдын алу; -алаяқтардың жалған ақпаратын анықтау;

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тұғыры биік Тәуелсіздік” тақырыбымен өткізіліп жатырған онкүндік жоспарына сай ЕФ-20-11қ3-1 тобында “Тәуелсіздік-таң нұрлы” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шарада 30 жыл ішінде дамыған Қазақстан жөнінде ақпараттармен таныстырып, Желтоқсан құрбандары туралы бейнеролик көрсетті.

КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Күшіміз бірлікте!

Террористік акті кезінде қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Имандары жолдас болсын!
Еліміздің тарихына назар салсақ, талай қиындықты еңсерген халықпыз. Оны өзінің бірлігі, татулығы мен ауызбіршілігі арқылы жеңді десек те қателеспейміз. Осы тұрғыда қалыпты өмірге оралу, азаматтарымыз бен бизнеске қолдау көрсету мақсатында колледж ұжымы бір күндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады. Бағалай білгенге бақ қонады, қадірлей білгенге құт қонады» дейді халқымыз. Сондықтан, біз басымызға қонған бақты бағалай білейік. Аталарымыздың сан ғасырлық аңсары болған, қолымыздағы ең қасиетті, ең киелі деп саналатын ардақты Тәуелсіздігімізді сақтап қалайық!
Президентіміз–біздің, отбасымыздың, тұтас қоғамның қауіпсіздігінің жалғыз кепілі! Осы орайда, біз барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамыз!
Біздің күшіміз бірлікте! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!
Жаңа 2022 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Барша қазақстандықтарды жаңа 2022 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
 

Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Сауалнама сілтемесі: https://m.egov.kz/survey
  
Анонс
Уважаемые услугополучатели, Агентством Республики Казахстан 
по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг в 2021 году проводится онлайн анкетирование на площадке «Открытый диалог».
Просим принять активное участие в анкетировании.
Ссылка на анкету: https://m.egov.kz/survey

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Шындығында, мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп барша қазақстандықтар сияқты оралдықтар да мақтанышпен айта алады. Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті студенттер қауымы, халықаралық студенттер күні құтты болсын! 17 қараша ресми түрде студенттер күні деп аталғанымен, курстың әрі күні – сендердің күндерің емес пе?
Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Алайда, мәңгі студент болу ешкімнің де маңдайына жазылмаған. Сол бір күндер де өте шығады. Сондықтан студенттік кезеңді кез келген жан үлкен сағынышпен, ерекше көңіл - күймен еске алары анық.

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

1 Қыркүйек - білім күні
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

«Мед-Профи колледж» ЖШС сіздерді оқуға шақырады!
Тамаша таңдау! 
Айқын мақсат!
Ортақ мүдде! 
«Фельдшер» біліктілігі бойынша білім алу:
9 сыныптар үшін  - 3 жыл 10 ай
11 сыныптар үшін - 2 жыл 10 ай
Сұрақтарыңыз болса дайректке, көрсетілген номерлерге хабарласыңыздар! 
+77013786073

«Мед-Профи колледж» ЖШС Сіздерді оқуға шақырады!
Колледж миссиясы: жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметке құзіретті, білікті мамандар даярлауға бағытталған заманауи сапалы білім беру. Ол «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігі фельдшер - медицина қызметкерін дайындайды. Фельдшер халықтың денсаулығын нығайтып, әрі тиімді медициналық көмек беруде бағалы ресурс болып отыр. Бұл мамандық артықшылығы - 640 сағат көлеміндегі арнайы курстан өту арқылы екінші мамандық сертификатына ие болуы және медбике қызметін қосымша атқара алуы. Оның үстіне бүгінгі күні еңбек нарығы мен әлемдік пандемияның сауатты, бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етуі орта буын медициналық қызметкерлерге сұраныстың жоғары екенін көрсетіп отыр. 

Сұрақтарыңыз бойынша:
+77023957521
+77013786073
+77756786517

1 маусым - Балаларды қорғау күні
Колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, белсенді білім алушыларымыз 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты арнайы дайындаған сыйлықтар таратып, балапандарды қуантты. Кішкентай балапандар аман болсын, бақытты балалық шақ тілейміз!

31 мамыр — Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні болып белегіленген.
ᅠКолледжімізде 1-3-курс білім алушылары арасында «Қан жұтқан зұлмат жылдар» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. 2-3-курс білім алушылары «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында бейнежазба, таныстырылым дайындады.  Азаматтық жолында және ашаршылық қасіретінен құрбан болған ақтаңдақтар рухына тағзым етеміз!

«Зайырлылық – қазақ қоғамының рухани дамуының кепілі» атты кездесу
Атырау облысы Дін істер басқармасының 2021 жылдың I жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 21 мамыр күні колледж білім алушыларына Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығының» бөлім басшысы Мұхамбеталиев Даурен Максимұлы, Ақпараттық түсіндіру тобы мүшесі ұстаз, ардагер Төлеуов Наурызбай Төлеуұлы, «Шапағат» деструтивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының маманы,тарихшы,теолог Абзалов Ернар Абзалұлының қатысуымен «Зайырлылық – қазақ қоғамының рухани дамуының кепілі» атты кездесу өткізіп, ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілді.

Бүгін адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл толды. 12 сәуір—Ғарышкерлер күніне байланысты ұйымдастырылған іс-шара жоспары бойынша,  ЕФ-20-11қ2-2 топ білім алушыларына «Ғажайып-ғарыш әлемі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн топ сағатын өткізді.

«Ұмыт болған ұлттық дәстүрлер»

    16 наурыз Тарих күніне арналған «Ұмыт болған ұлттық дәстүрлер» тақырыбында 1-4-курс білім алушылары арасында эстафета жолданды. Білімгерлер өздерінің дайындаған бейнематериалы мен презентацияларын жолдады. Байырғы ұмытылған қазақтың салт-дәстүрлері туралы көптеген ақпараттарды жинап, кеңінен таныстырды. Әдет-ғұрыптарымызды дәріптеп, әрқашан ұрпақтан ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізейік!

КОЛЛЕДЖ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл толуына байланысты «Поэзия,менімен егіз бе едің...» тақырыбында ұйымдастырылған мәнерлеп оқу байқауына қатысқан білім алушылар жүлделі орындармен марапатталды. Құрмет грамотасымен 3-курс білім алушысы Қалиев Дулат, жүлделі  1-орынмен 4-курс білім алушысы Есіркепова Алия дипломмен және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағымен марапатталды. Қатысушыларды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын!

Мұқағали Мақатаевтың 90жыл толуына орай ұйымдастырылған бейне тәлім-тәрбие сағаты

Пример текста...

Тәуелсіздік күні
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мед-Профи колледж» ЖШС-де «Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы» атты патриоттық өлеңдер челленджі ұйымдастырылды. Аталған челленджге барлық колледж білім алушылары белсене ат салысты. Барлық топтарда топ сағаттары,тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласына 80 жыл толуына орай Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім беру—келешек кепілі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шарада 1-курс студенті Елемесов Әділет біздің колледж таныстырылымын көрсетті. Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов «Алғыс хатымен» колледж директорлары Р. Ж Алибаева және М. С. Абдигалиева марапатталды. Сонымен қатар біздің колледж оқытушылары  А. А. Сабытаева  мен А. Б. Қосымбаева аудан әкімінің және маслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі «Мед-Профи колледж» ЖШС ұжымын мерекемен құттықтап,Алғыс хат берді. Ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласына 80 жыл толуына орай Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім беру—келешек кепілі» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шарада 1-курс студенті Елемесов Әділет біздің колледж таныстырылымын көрсетті. Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов «Алғыс хатымен» колледж директорлары Р. Ж Алибаева және М. С. Абдигалиева марапатталды. Сонымен қатар біздің колледж оқытушылары  А. А. Сабытаева  мен А. Б. Қосымбаева аудан әкімінің және маслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі «Мед-Профи колледж» ЖШС ұжымын мерекемен құттықтап,Алғыс хат берді. Ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтаймыз. Білім беру жүйесіндегі еңбектеріңіз жемісті, жетістікті, жеңісті болсын! Шығармашылық шабыт пен өрелі өсу сіздерге серік болсын!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Мед-Профи колледжінің» оқытушысы Сабытаева Айжан Аязқызы мұғалімдер күніне орай аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Ұстазымызға шын жүректен толағай табыс, шығармашылық жетістіктер, тың жаңалықтар мен жеңісті сәттер тілейміз! Біз сізбен мақтанамыз!

Заң бұзбайтын тұлғаны қалыптастыру
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен 2 қазан күні  «Мед-Профи колледж» студенттеріне арналған заңды бұзбайтын тұлғаны қалыптастыру бағытында онлайн форматында  кездесу өткізілді. Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерканов М.А, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының заңгері Нагашыбаев С.Е, Атырау облыстық Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Султангалиева С.А қатысып студенттер құқықтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өткізілген конференцияға 40 білім алушы қатысып,өздерінің сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.

Қарттарым-асыл қазынам!
1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай «Мед-Профи колледж» ұжымы зейнеткерлерге көмегін көрсетті.1-курс білім алушылары мен оқытушылар қарттарыңдың жүзіне сәл де болсын қуаныш сыйлады.Қанатбаева Рысты-70 жастағы ақжаулықты анамыз өзінің ризашылығын білдірді. Карасаева Нафиса әжеміз-84жаста. Бұрын «Буратино» аталатын балабақшада, аспазшы болған. Өзінің басынан өткен қызықтарын, әңгімелерін баяндап берді. Өзінің ақ батасын беріп, алғысын жаудырды. Қарттар-асыл қазына қадірлейік, құрметтейік!

Тіл мәртебесіне арналды...

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Құлсары қаласы, "Мед-Профи колледжі" ЖШС оқу орнында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай "Ана тілі - рухани қазына" тақырыбымен тілдер апталығы ұйымдастырылды. Апталық жоспарына сай әр топтарда онлайн іс-шаралар өткізілді. Ұлы ақын  Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз білім алушылар І,ІІ.ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғысхаттармен марапатталды.
Бұл апталықта біздің топ білім алушылары ерекше белсенділік танытты. Абай атамыздың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін мәнерлеп оқыған Аманжолова Ақерке ІІ дəрежелі дипломға ие болды. Сөз зергері, жазушы Ғабит Мүсірепов пен халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының ана тілі туралы айтқан пікірлері бойынша "Ана тілі туралы ұлылар сұхбаты» бейнежазбасын Бақытжан Алихан мен Биболұлы Наурыз дайындады. Отан, тіл, білім, оқу, адамгершілік туралы қазақ халқының мақал-мəтелдерін Мұстапаева Айгерім, Абилдиева Альмира мен Айтуганова Асылайым үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) оқып, онлайн тәртіпте көрсетті. Сонымен қатар топ білім алушылары «Әсерлі бейнежазба туралы ойым» тақырыбында жазба жұмысын да орындады. Өз тобымның осындай белсенділігі қатты қуантады.
А.Айтуганова, 1-курс студенті
 

Все о роли родного языка
 
В ТОО "Мед-Профи колледж" г.Кульсары, была проведена неделя языков, посвященная Дню языков народов Республики Казахстан на тему "Ана тілі - рухани қазына". В мероприятиях этой недели активное участие приняли студенты всех курсов и преподаватели колледжа.
Был проведен конкурс выразительного чтения по произведениям великого поэта Абая Кунанбаева. На этом конкурсе наша однокурсница А.Аманжолова была награждена Дипломом ІІ степени.
Студенты нашей группы А.Бакытжан и Н.Биболұлы подготовили видеоматериал "Ана тiлі туралы сұхбат», где прочитали крылатые слова о роли родного языка писателя Г.Мусрепова и легендарного героя Б.Момышұлы. «Ана тілім - айбыным!» - так назывался видеоматериал на трех языках (казахском, русском, английском), подготовленный А.Мустапаевой, А.Абилдиевой и А.Айтугановой. Они читали пословицы казахского народа о  Родине, и о важности знаний и роли родного языка.
Директор колледжа Р.Ж.Алибаева наградила благодарственными письмами студентов, которые приняли активное участие в работе недели языков. В дальнейшем мы будем активно участвовать во всех мероприятиях нашего колледжа.
А.Абилдиева, студент 1–курса 

Коронавирус туралы не білу қажет?
Жақында колледж оқытушысы Б.Е. Нұрбергенова жетекшілігімен 3-4-курс білім алушылары Ж.Заулекенова, Н.Жолдаскалиева сауаттандыру және сақтандыру мақсатымен білім алушылар мен педагогикалық ұжым мүшелеріне, жұртшылыққа арналған «Коронавирус туралы не білу қажет?» бейнежазбасын дайындады. Бейнежазбаға қалалық «Жедел жәрдем» орталығының фельдшері Б.Бақытжанқызының сұхбатымен басталып, індеттен сақтану туралы толық ақпаратпен жалғасты. Әр отбасы мүшелерінің амандығы үшін тазалық шараларының сақталуын қадағалау жауапкершілігі туралы айтылды. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылып, колледж білім алушылары, олардың ата-аналары чаттарына жіберілді.

Өнегелі тағылым алар шара

        «Мед-Профи колледж» ЖШС оқу орнының директор орынбасары Ж.Нәсірқызы мен оқытушы Б.Нұрбергенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына орай «Абай мұрасы – рухани асыл қазына» тақырыбында онлайн тәлім-тәрбие сағатын өткізді. Ұлы тұлғаға арналған бұл шара колледж директоры Р.Алибаева алғы сөзімен басталып, ақын шығармашылығы туралы жаңа танымдық мәліметтермен толықтырыла жүргізілді. Колледж білім алушысы Н.Жолдасқалиева Абай Құнанбайұлы өлеңін оқыды.
     Аталған тәлім-тәрбие сағатында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған өзекті мәселелерге назар аударылды. Мемлекет басшысы халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО көлемінде аталатын ақын мерейтойын ескерте келе, Абай әлеміне жан-жақты талдау жасап, жоғары оқу орындары бағдарламасына «Абайтану» курсын жүргізу ұсынысын енгізді. Бұл ұсыныс көп көңілінен шықты, өйткені Абай мұрасы халқымыздың асыл қазынасы екенін ескерсек, бүгінгі жас жеткіншектер, жастар әлемдік көштен қалмай, алдыңғы өркениетті ел қатарынан орын алуда ақын шығармаларынан рухани тағылым алары сөзсіз. Бұл шара бойынша дайындалған бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылды.
 

 

ОНЛАЙН ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ

Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн түрде қалай тапсырады? eGov порталына тіркеле отырып, жеке ЭЦҚ-мен кіріп  "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мәзірін тауып өтініш тастай аласыз.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Абдуллаева Лаура Манасовна студенттермен қашықтықтан оқыту бойынша байланыста.
Дистанциондық оқыту аясында сабақ өтіп, үй тапсырмаларын беруде.

Сақтану-өмір қауіпсіздігі!

«Мед-Профи колледж» ЖШС оқу орнының арнайы пән оқытушысы А.Б.Косымбаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Нұрбергенова білім алушыларға онлайн тәртіпте «Сақтану-өмір қауіпсіздігі» деп аталатын медициналық бюллетень дайындады. Бұл бейнежазбада әлемде орын алып жатқан індетпен күресуге вакцинаның тәжірбиеден өтіп жатқандығы толық баяндалды. Жаңа вакцина әлемдік қауымдастықта «Спутник» деп аталды, еріктілерге вакцинация жүргізілуде. Кері әсерін көрсетпеген вакцинаны қабылдауға еріктілер саны көбейді. Оның ішінде Қазақстанда дайындалған  «Спутник-1» вакцинасы бар.
Қай ауруға болмасын вакцина даярлау - күрделі әрі жауапкершілігі жоғары үрдіс. Даярланатын вакцина түбінде адамға егіледі, сондықтан оның әрбір қырына мұқият көңіл бөліп, қолданған жағдайда оның залалсыз болуын және ауруға қарсы мықты иммунитет тудыруын қамтамасыз ету керек. Әр адам өзін сақтандыру үшін вакцинаны салдырса, ол өз өмірін қауіпсіздендіретіні есте болуы керек. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерге орналастырылып, оқытушылар мен білім алушырға жіберілді.